• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 08 Қыркүйек, 2021

Балалар үйінен қомақты қаржы жымқырғандар анықталды

298 рет
көрсетілді

«Qamqor» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы балалар үйлерінің бірінде жетім балаларға азық-түлік сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Тергеу осы мекеменің директоры мен бас есепшісі сатып алу ережелерімен қарастырылған процедураларды өткізбей, басқаруындағы үлестес кәсіпорынмен азық-түлік жеткізуге шарттар жасағандығын анықтады. Компанияның нақты иесі - бас бухгалтердің бұрынғы жұбайы.

2019-2020 жылдар кезеңінде жасалған шарттар бойынша лауазымды тұлғалар азық-түлік сатып алуға бөлінген 130 млн теңге бюджет қаражатынан 25,9 миллион теңгені жымқырған.

Қазір бұл жағдайға қатысты тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды.