• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 08 Қыркүйек, 2021

Ауғанстанның Экс-Президенті халық алдында кешірім сұрады

350 рет
көрсетілді

Ауғанстан президенті ретінде қызметінен кеткен Ашраф Ғани Кабулдан кетуді өміріндегі ең қиын шешім деп атады. Елдің Экс-президенті ауған халқынан «бәрі қайғылы жағдаймен аяқталды» деп кешірім сұрады. Ол бұл мәлімдемені өзінің Twitter-дегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экс-президент Кабулдан кету туралы шешімді «өмірдегі ең қиын», сондай-ақ «қару-жарақтың алдын алудың, Кабул мен оның 6 миллион тұрғынын құтқарудың жалғыз жолы» деп атады.

«Мен мемлекетті қауіпсіздікпен қамтамасыз ете алмай, ауған халқына тұрақтылық пен өркендеу сыйлай алмағаным үшін өкінемін. Мен ауған халқынан кешірім сұраймын», деп жазды Ғани өзінің мәлімдемесінде.

Ол ауған халқына деген адалдығы берік және ол оны өмірінің соңына дейін «жетелейді» деп сендірді.

Сонымен қатар, Ашраф Ғани ақпаратты негізсіз деп атай отырып, Кабулдан ақша алып кеткені туралы хабарға түсінік берді.

«Мен мәлімдемелерімнің дұрыстығын дәлелдеу үшін БҰҰ немесе басқа тәуелсіз органның қамқорлығымен ресми аудит жүргізуді қолдаймын», деді Ауғанстанның экс-президенті Twitter-де.