Жапонияның бас метеорологиялық агенттігі Окинаваның оңтүстік префектурасына қауіпті «Чансу» (Тяньсу) тайфуны жақындап келе жатқанын хабарлады.
«Өңірде жел күшейіп, жауын жауады деп күтілуде. Өте қауіпті деңгейге көтерілген тайфун қазіргі уақытта Филиппиннің шығысында», деп түсіндіреді агенттік.
Болжам бойынша, тайфун жақын күндері батыс-солтүстік-батысқа, Жапонияның Окинава префектурасына қарай 20 км/сағ жылдамдықпен жылжиды. Дауыл орталығындағы қысым 935 гектопаскаль, желдің жылдамдығы 55 м/с, екпіні - 75-ке дейін болады деп болжанған.
Мамандар су тасқыны мен көшкін болуы мүмкін екенін ескертіп, адамдарды сақтық шараларын сақтауға және жағалау тұрғындарын теңізге шықпауға шақырды.