Әйелдер күресінен Қазақстан ұлттық құрама командасы кезекті оқу-жаттығу жиындарын аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аталған жаттығу жиыны әлем чемпионаты алдындағы дайындық саналады.
Бұрымды балуандар 26 тамыздан бастап Нұр-Сұлтан қаласында шеберліктерін шыңдады.
Айта кетерлігі, 2-10 қазан күндері Ослода (Норвегия) өтетін әлем чемпионатына Қазақстан құрамасынан сегіз балуан қатысады. Олар:
53 келі: Сағымбай Асылзат
55 келі: Уалишан Айша
57 келі: Раймова Нилуфар
59 келі: Каюмова Диана
62 келі: Қасымова Аяулым
65 келі: Темиртасова Айна
72 келі: Бақбергенова Жамиля
76 келі: Сыздықова Эльмира