• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Экология 09 Қыркүйек, 2021

Қазақстан көмірден қашан толықтай бас тартады?

319 рет
көрсетілді

Қазақстан 2060 жылға қарай көмірді пайдаланудан толық бас тартуға ниетті. Бұл туралы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Париж келісімінің міндеттемелерін орындау және 2060 жылға қарай шығарындылардың «нөлдік» деңгейіне жету үшін Қазақстанның көміртегі бейтараптылығы тұжырымдамасын әзірлеу бойынша жұмыстар аяқталуға жақын. Тұжырымдама нәтижелері газды, мұнай өнімдерін пайдалануды азайту, 2060 жылға қарай көмірден толықтай бас тарту қажеттілігін көрсетті», деді вице-министр.

Оның айтуынша, «нөлдік» тепе-теңдікке қол жеткізу үшін Қазақстан жаңартылатын энергия көздерін қолдануды кеңейту, энергия тиімділігін арттыру және биоотын мен сутегіне көшу тұрғысынан елеулі өзгерістерге тап болады.

Толық тұжырымдама осы жылы Глазго қаласында өтетін БҰҰ-ның 26 ​-шы конференциясында ұсынылады.