• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2014

Жұлдызың жарқырасын, Жаңаөзен!

441 рет
көрсетілді

Мұнайлы Жаңаөзен жаңғыру жолына түсті. Қаланы әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған, кәсіпкерлікті дамытудың 2012-2014 жылдарға арналған жоспарларын және моноқалаларды дамыту бағдарламасын басшылыққа алған қала еңсесін көтеріп, бойын тіктеп келеді.

 

 

 

Мұнайлы Жаңаөзен жаңғыру жолына түсті. Қаланы әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған, кәсіпкерлікті дамытудың 2012-2014 жылдарға арналған жоспарларын және моноқалаларды дамыту бағдарламасын басшылыққа алған қала еңсесін көтеріп, бойын тіктеп келеді.

Табиғи өсім және ішкі миграция әсерінен Жаңаөзен тұрғындарының саны өткен жылы 130 мыңға жуықтады. Кә­сіп­керлікке қолдау көрсетілуі, жаңа жұ­мыс орындарының ашылуы, әлеуметтік әлеует мұнайлы қалаға қоныстануға қызығушылық танытушылардың қа­та­рын азайтпай отыр. Бұл қаланың жан-жақты даму ырғағын бір сәтке то­ластатуға болмайтындығын ұқтырады.

Жаңаөзендегі 38 балабақша 5505 баланы қамтыған, ал 22 күндізгі мектепте 23018 оқушы білім алуда. 2013 жылы бұ­дан 44 жыл бұрынғы жаңалықты қай­талап, 4176 сәби өмірге келді.

Өткен жылы мұнда 15 жаңа нысан пайдалануға берілді. Олардың арасында «Жұлдыз» шағын ауданынан ашылған 320 орындық балабақша, «Бостандық» шағын ауданындағы 624 орындық мектеп, «Рахат» шағын ауданындағы 250 орындық емхана, 2 стационарлық полиция бекеті, т.б. бар. «Рахат-3» ша­ғы­науданын сумен жабдықтау жүйе­-сі, 20 аула алаңы, 12 мектеп ауласы іске қо­сылды. Жаңадан ашылған «Жалын» кинотеатры, «Несіп» балабақшасы, «Нұр-Шын» ЖШС 30-дан астам тұрғынға жаңа жұмыс орындарын ұсынды.

Әлеуметтік дүмпуі осылай өрілген өңір 2013 жылы 141,9 млрд. теңге өнім өндіріп өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 112,4%-ды құрады. 457,4 мың тонна шикі мұнай өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда, 9,6 %-ға артық көрсеткіш берді. Газ өндіруде де еңбек өнімділігі үдеген – 460,6 млн. текше метр табиғи газ өндіріліп, 2012 жыл қорытындысынан 2,9 %-ға артты. Халқы көп қалада құрылыс жұмыстары ерекше қарқынға ие. Өткен жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 20,3 млрд. теңгені құраған.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Маңғыстау облысы.

 

Суреттерді түсіргендер

Ерлан ОМАРОВ, Серік Майемеров.

Соңғы жаңалықтар