9 қыркүйекте, таңғы сағат 07:50 шамасында Атырау-Орал тас жолының 57 шақырымында Toyota Prada мен Skoda Rapid автөкөлігі соқтығысып, жол-көлік оқиғасы салдарынан Skoda Rapid көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды, деп жазады Egemen.kz Атырау облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Департамент өкілдерінің хабарлауынша, ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі («Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеліп соққан жол ережесін бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.