• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Спорт 10 Қыркүйек, 2021

Күміс жүлдегерлерге – пәтер мен көлік

488 рет
көрсетілді

Атырау облысынан Токиода өткен Паралимпиадаға алты дзюдошы, бір таэквондошы мен бір жүзуші қатысты. Оның үшеуі – парадзюдошылар Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет пен Зарина Байбатина Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды.

– Паралимпиадаға көк байрақты жел­біретіп, Әнұранымызды шырқату үшін барған едім. Жеңіске жету үшін бап­керімнің кеңесін, өзімнің тәжірибемді то­лық пайдалануға тырыстым. Бірақ сәл сәт­тілік жетіспеді. Енді Парижде өтетін Паралимпиадаға дайындықты бастаймын. Сол кезде намысты қолдан бермей, күмісті алтын медальға айналдыруды көздеп отырмын, – дейді Паралимпиада ойындары­ның күміс жүлдегері Әнуар Сариев.

Парадзюдодан ел құрамасының бас бапкері Жандос Қияновтың айтуынша, жаһан жұрты көз тіккен додаға барған спортшылардың бәрінің жүлдегер атанар мүмкіндігі болған. Әсіресе Әнуар Сариев – әлемдік рейтингте алғашқы үштікке енген татами шебері. Сол себептен, ол екінші айналымға қарсылассыз шыққан. Ал екінші кезеңде моңғол спортшысын жартылай жеңіспен ұтты. Онымен тартысты белдесуде саусағын ауыртып, мұрны сынған. Соған қарамастан, келесі айналымда венесуэлалық Маркос Бланконы екі әдіспен жеңген еді. Алайда ақтық кездесуде әзербайжандық Вугар Ширинлиден ұтылды.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов Паралимпиаданың күміс жүлдегерлері Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет пен Зарина Байбатинаға Toyota көлігі мен 2 бөлмелі пәтер, 1 миллион теңге берді. Паралим­пиа­да жүлдегерлерінің шеберлігін шыңда­ған бапкері Жандос Қияновқа 4 миллион теңгенің сертификаты тапсырылды.

– Бұл – еліміздің параспорты үшін тарихи жетістік, қажырлы еңбек пен биік намыстың, өршіл рухтың жемісі. Ең бас­тысы, Атырау спортшыларының ел Тә­уел­сіздігінің 30 жылдығына айрықша тар­­туы. Парадзюдошылар қара ормандай жан­күйері мен мыңдаған жасқа қайсар мінез­дің мәнін ұғындырды, – деді Махамбет Досмұхамбетов.

Сондай-ақ Паралимпиада ойындарының қатысушылары Аманжол Жанбота, Ғалым­жан Смағұлұлы, Ерлан Өтепов, Нұрлан Домбаев, Ержан Сәлімгереев пен олардың жаттықтырушыларына құрмет көрсетілді.

 

Атырау облысы