• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Қыркүйек, 2021

Қазақстан бұрынғы геодезиялық жүйеден бас тартады

247 рет
көрсетілді

Геодезия және картография саласы қызметінің даму қарқыны туралы ҚР ЦДИАӨМ геодезия және картография комитетінің төрағасы Қажмұхан Бекмұқашев айтып берді, деп жазады Egemen.kz.

Оның айтуынша, Қазақстан аумағындағы карталар соңғы рет өткен ғасырдың соңында – 80-90 жылдары жаңартылған. 

«2005 жылдан бастап Қазақстан территориясының топографиялық карталары цифрландырылып, жаңартылды. Аумақтың  65% және 58% аэротүсірілім жасалды. Қазіргі таңда республикалық маңыздағы 3 қаланың, Түркістаннан басқа 13 облыс орталығының топографиялық жоспарлары жасалды. Түркістан қаласының топографиялық жоспары биыл жасалып бітеді», деді комитет басшысы. 

Сонымен қатар, 51 қала және шағын қаланың, 54 аудан орталығы мен 209 елді мекеннің цифрлық жоспарлары құрылған.