• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Қыркүйек, 2021

Ақмола облысында тұрғын үй өртінен 2 адам көз жұмды

164 рет
көрсетілді

Бурабай ауданының Қарашілік ауылында жеке тұрғын үй өртеніп, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ведомствоның мәліметінше, өрт қыркүйектің 9-да кешкі сағат 21:40 шамасында болған. Қызыл жалын 60 шаршы метр аумақты шарпыды.

«Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 13 қызметкер және 3 өрт сөндіру техникасы, Бурабай ауданының ТЖБ жеке құрамынан 8 қызметкер және 3 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Өрт болған үйден 1969 жылғы ер адам мен 1981 жылғы әйелдің денесі табылды», деді ведомстводан.

ТЖД баспасөз қызметінен атап өткендей, қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалып, өрт болған жерде өрт зертханасы жұмыс істеуде. Куәгерлердің айтуынша, қаза тапқандар бұл үйге шамамен 2 ай бұрын көшіп келген және жергілікті құс фабрикасында жұмыс істеген.

Осы ретте, Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өңір тұрғындарына электр сымдары мен жылыту пештерін жарамды күйде ұстау қажеттігін ескертеді.

Сондай-ақ, алкогольді ішімдіктерді шамадан тыс пайдалану және төсекте темекі шегуге болмайтынын еске салады.