Аshyq арқылы 14 күндік үй карантинін бұзғаны анықталған 280 алматылық әкімшілік жауапқа тартылды және оларға айыппұл (30 АЕК) салынды, деп хабарлады санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, деп жазады Egemen.kz.
«Қызыл» статустағы адамдар Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейтін нысандарға кіргізілмейді.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті амбулаторлық ем алып жатқан азаматтарды өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбауға және қоғам алдында азаматтық жауапкершілікті ұмытпауға шақырады.
Жұқтырғандармен байланыста болған адамдар да өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауы және басқа адамдардың жұқтыруын болдырмау үшін адамдар жаппай жиналатын орындарға барудан бас тартуы тиіс.