Үлкен Алматы шыңына шықпақ болған турист жардан құлап, аман қалды, деп жазады Egemen.kz.
Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері оқиға орнына дереу жеткен. Зардап шеккен азаматты қауіпсіз жерге көшіріп, алғашқы медициналық жәрдем көрсетті. Құтқару операциясының мына әуесқой кадрлары, инстаграм желісінде жарияланды. Кейін анықталғандай, осыдан екі күн бұрын 3 турист жолға шыққан. Бірақ кешқұрым күн бұзыла бастаған соң, діттеген жерлеріне жете алмастарын біліп, жол қысқарту үшін басқа жолмен кейін қайтады. Тек адасып кеткен. Құлама жарды байқамай, бірінің аяғы тайып құлаған. Ал жанындағы екі турист қыз аман-есен. Зардап шеккен азаматтың өміріне қазір ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.