Спорттық гимнастикадан Түркияда өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде қол тіреп секіруден финалдық кезең аяқталды. Қазақстандық Милад Карими күміс жүлдеге қол жеткізді деп хабарлайды Egemen.kz.
Милад аталған жаттығу бойынша іріктеу кезеңін төртінші орынмен аяқтаған болатын. Финалда Карими күміс медаль иеленді.
Алтынды канадалық Уильям Эмаард, қоланы румыниялық Габриэль Буртанете еншіледі.
Милад гимнастикалық қоссырықтағы жаттығудан да финалда өнер көрсетті. Кермедегі жаттығудан Милад 12.650 ұпай алып, жетінші орыннан көрінді.