Америкалық миллиардер Илон Масктың SpaceX компаниясы орбитаға бірінші азаматтық экипаж шығаруға дайындалып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Төрт турист ғарышта шамамен үш күн болады. Экипажды ірі технологиялық компания басшысы 38 жастағы магнат Джаред Исаакман басқарады.
Кеме Канаверал мүйісінен ұшып, Атлант мұхитына қонады. Ол үшін бірнеше рет қолдануға жарайтын Falcon 9 зымыраны таңдалған.
Осы тарихи рейспен Джаред Исаакман қайырымдылық шараларына назар аударғысы келеді. Ол елдегі балалар онкологиялық ауруларының орталығына 100 миллион доллар аударуға уәде берді.