АҚШ-та кәмелетке толмағандарды ауруханаға жатқызу жағдайлары бойынша жаңа антирекорд тіркелді, деп жазады Egemen.kz.
АҚШ Денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету министрлігінің мәліметінше ауруханаларға бір тәулікте 2 396 бала түскен.
Дәрігерлер жаңа оқу жылының басталуына байланысты SARS-CoV-2 вирусының «дельта» штаммының таралуына алаңдап отыр.
Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының мәліметі бойынша, 2020 жылдың тамыз айынан бастап 55 000-нан астам бала ауруханаға жатқызылды, 520 кәмелетке толмаған бала қайтыс болды.