• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Қыркүйек, 2021

Finiko қаржы пирамидасының негізін қалаушылардың бірі Ресейде ұсталды

232 рет
көрсетілді

Finiko қаржы пирамидасының негізін қалаушылардың бірі Кирилл Доронин Ресейде ұсталды. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД бастығының тергеу жұмыстары жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Тергеу мәліметтері бойынша, 2018 жылдың маусымынан 2020 жылдың желтоқсанына дейін Finiko қаржы пирамидасы салымшылардан қаражат тартқан. Өз кезегінде олар ақшаны қор биржаларына, криптовалюталар нарығына және әр түрлі сауда платформаларына құйып, жоғары пайыздық мөлшерлемемен қайтарып беруді ұсынған. Кейін ұйымның инвестициялық қызметпен айналыспағаны, инвесторлардың алданғаны белгілі болды», деп жазды ол Instagram-да.

Алматы Полиция департаменті Finiko қаржы пирамидасының алданып қалған салымшылары +7 701 624 2824 телефонына хабарласуды сұрайды.