• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Қыркүйек, 2021

Жамбыл облысында «қара іздеушілер» ұсталды

477 рет
көрсетілді

Жамбыл облысының полицейлері алтынды заңсыз өндіріп жүргендерді құрықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық полиция ұсынған деректерге сәйкес, 9 қыркүйекте Мойынқұм ауданы Ақбақай ауылынан 20 шақырым жерде жасанды шахталарда алтын құрамды кен өндірумен айналысқан тоғыз жергілікті тұрғын ұсталды.

«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қылмыстық топ өндірілген кенді Шу өзені ауданындағы фазендаға тасымалдағаны анықталды. Тінту барысында заңсыз орнатылған екі ұнтақтағыш пен құрамында алтыны бар кенді өңдеуге, құмды тазалауға арналған екі аппарат, сондай-ақ 10 тонна көлеміндегі кен тәркіленді», деп атап өтті облыстық ПД бастығы Жанат Сүлейменов.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, қажетті сараптамалар тағайындалды.