• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 13 Қыркүйек, 2021

АҚШ жағалауына тропикалық дауыл жақындап келеді

344 рет
көрсетілді

«Николас» тропикалық дауылы Мексика шығанағымен өтіп. АҚШ жағалауына жақындап келе жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Reuters-ке сілтеме жасап.

Американдық ұлттық дауыл орталығының (NHC) мәліметтері бойынша, дауылдың эпицентріндегі желдің екпіні сағатына 65 шақырымға жетеді.

 

Дауыл Мексика шығанағының жағалауындағы Корпус Кристи мен Галвестон қалалары арасында өтеді деп күтілуде. Алайда, NHC болжамы бойынща «Николас» Хьюстон мен оған жақын аудандар үшін су тасқынының үлкен қаупін тудыратынын көрсетті. Штаттың бірқатар аудандары үшін дауылдың жақындағаны туралы ескерту жарияланды.

Синоптиктердің хабарлауынша, дауыл Техаста және Луизиананың оңтүстік-батысында нөсер жаңбырға әкеліп, ол аптаның ортасына дейін созылуы мүмкін.

Луизиана губернаторы Джон Бэл Эдвардс штатта төтенше жағдай жариялады.