Шымкентте оқ атудан Азия чемпионаты жалғасуда. Қазақстандық спортшылар екінші алтын медальға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл жолы командалық жарыстарда табысқа қол жеткізілді. Эльдар Иманқұлов, Владимир Исаченко, Валерий Рахимжан пневматикалық тапаншадан (10 метр) атуда бірінші болды.
Екінші орынды Сауд Арабиясының командасы иеленді. Қола медаль - Қырғызстан командасының еншісінде.
Сондай-ақ, Елизавета Безрукова, Ислам Усейнов пневматикалық винтовкадан атуда үшінші болды.