Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша бүгінге дейін 12 миллион гектарға жуық алқаптан дәнді және дәнді-бұршақты дақыл жиналды, деп жазады Egemen.kz.
Яғни белгіленген жоспардың 74,3 проценті орындалған. Ресми мәліметке сәйкес, бұл көрсеткіш бойынша Ақмола облысы көш бастап тұр. Жоғарыда айттық, мұнда 3 жарым миллион гектардан астам алқаптан астық жиналған. Екінші орында Қостанай облысы, көрсеткіш 2 миллион, бір жүз мың гектар. Солтүстік Қазақстан өңірі үшінші орында келеді.