• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Қыркүйек, 2021

Ауласына қарасора өсірген ағайындылар ұсталды

129 рет
көрсетілді

Алматыда ағайынды екі жігіт ауласында 100-ге жуық марихуана бұтасын өсірген. Алматы қаласының полицейлері 33 және 31 жастағы ағайынды екі жігіттің заңсыз әрекетін анықтады. Жедел ақпарат расталып, күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Олардың Алматы қаласының Алатау ауданында орналасқан үйінің ауласында марихуана өсіргені анықталды. Бақшадан сот-химиялық сараптамаға сәйкес жалпы салмағы 24 келі 300 грамм болатын 98 түп жабайы қарасора тәркіленді», деді Алматы қалалық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, енді олардың тыйым салынған шөпті қандай мақсатта өсіргені анықталады.