• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Спорт 14 Қыркүйек, 2021

UEFA Чемпиондар лигасын қайдан тамашалауға болады?

474 рет
көрсетілді

Бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңі басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алғашқы тур ойындары екі күнге белгіленген.

Бүгін, 14 қыркүйекте E, F, G, H топтарында ойындар өткізіледі.

E тобындағы «Барселона» (Испания) мен «Бавария» (Германия) кездесуі елорда уақытымен 00:50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирінде көрсетіледі.

Бұл топта тағы бір ойында «Динамо Киев» (Украина) мен «Бенфика» (Португалия) шеберлік байқасады.

Сондай-ақ, қазақстандық жанкүйерлер H тобындағы «Челси» (Англия) мен «Зенит» (Ресей) кездесуін «Qazaqstan» телеарнасынан тамашалай алады.

Аталған топтағы тағы бір ойында «Мальме» (Швеция) мен «Ювентус» (Италия) жасыл алаңға шығады.

F тобында «Янг Бойз» (Швейцария) бен «Манчестер Юнайтед» (Англия), «Вильрреал» (Испания) мен «Аталанта» (Италия) кездессе, G тобында «Севилья» (Испания) мен «Ред Булл» (Австрия), «Лилль» (Франция) мен «Вольфсбург» (Германия) өзара айқасады.

Ал ертең А, В, С, D топтарындағы командалар алғашқы тур ойындарын өткізетін болады.