• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
30 Қаңтар, 2014

Құқық қорғау жайы қозғалды

304 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (Омбудсмен) Асқар Шәкіров Еуропалық Одақтың Астанадағы Елшісі Аурелия Бушезбен және Орталық Азиядағы Халықаралық түрме реформасының (PRI) Өңірлік директоры Сәуле Мектепбаевамен кездесті.

 

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (Омбудсмен) Асқар Шәкіров Еуропалық Одақтың Астанадағы Елшісі Аурелия Бушезбен және Орталық Азиядағы Халықаралық түрме реформасының (PRI) Өңірлік директоры Сәуле Мектепбаевамен кездесті.

Кездесу барысында әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттарын имплементтеу, әлеуметтік құқықтарды және мемлекеттік қызметтер алу саласында халықтың осал топтарының құқықтарын қорғау бөлігінде «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру кезінде екі жақты өзара әрекеттесудің перс­пективалары талқыланды.

Тараптар адам құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіру, Қазақ­стан­да Омбудсмен мекемесін әрі қарай институттық дамыту, Ел­ба­­сының тапсырмасы бойынша­ өт­кізіліп жатқан қылмыстық-құқық­тық реформа, сондай-ақ, қайта құ­рылған Азаптаудың алдын алудың ұлттық алдын алу тетігін (ҰАТ) іске асыру мәселелеріне тоқталды.

Қазақстандық Омбудсмен атап өткендей, азаматтардың мем­лекеттік қызметтерге қол­же­тімділігіне деген құқықтарын қам­тамасыз ету, халықтың осал топтарын қорғау және жалпы әлеу­меттік мәселелер ұлттық құ­қық қорғау мекемесі үшін басты мәселелер болып табылады, бұл ретте басымдық алдын алу шараларына беріледі.

– Сондай-ақ, жабық мекемелер­дегі азаптауды алдын алуға зор маңыз берілуде. Мониторингтік қызмет шеңберінде мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы ынтымақтастықтың, оның ішінде Азаптау фактілерін қарау жөніндегі уәкіл жанындағы Жұмыс тобында айтарлықтай тәжірибе жинақталған, – деп атап өтті А.Шәкіров.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар