Фарер аралдарында (Данияның автономды аймағы) аңшылар 1428 дельфинді өлтірді, деп хабарлайды Egemen.kz korrespondent.net-ке сілтеме жасап.
Жануарларды қорғаушылардың айтуынша, түнде қайық пен гидроциклдерге мінген аңшылар дельфиндер отарын Скалафьордур ауылындағы жағажайға қуып, барлығының көзін жойған.Бұл кит аулауға рұқсат етілген аралдарда ғана емес, әлем бойынша дельфиндердің ең үлкен аулануы екені атап өтілді. Бұған дейін 1940 жылы 1200 дельфин өлтірілген.Белгілі болғандай, дельфиндерді аулау заңсыз болған. Себебі аңшылардың көпшілігі лицензиясыз жұмыс істеген. Лицензия Фарер аралдарында дельфиндерді қинамай, тез өлтіруге үйретілген адамдарға ғана беріледі. Мұндай тұжырымдар фотосуреттер мен бейнежазбалар негізінде жасалды, олар жараланған дельфиндердің көпшілігі жағаға шығып, тірі қалғанын және қозғалысын жалғастырғанын көрсетеді. Сондай-ақ кадрларда кейбір дельфиндердің моторлы қайықтардан жарақат алғаны, соның салдарынан олар баяу және қинап өлгені көрсетілген.