• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 15 Қыркүйек, 2021

Атырау облысында фермерді атып кетті

388 рет
көрсетілді

Атырау облысында фермерді атып өлтірген күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, қайғылы оқиға Исатай ауданында орын алған.

«Зинеден ауылының екі тұрғыны арасында өзара келіспеушілік болған. Ашуға бой алдырған 42 жастағы тұрғын аңшылық қарудан ауылдасына оқ атып, салдарынан 48 жастағы фермер оқиға орнында көз жұмған», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір ауылдасын атып өлтірген тұрғын уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.