• RUB:
    5
  • USD:
    488.91
  • EUR:
    532.62
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Қыркүйек, 2021

Онлайн санақ деректері қорғалады - Статистика бюросы

298 рет
көрсетілді

ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов Президент жанындағы ОКҚ-да санақ барысы туралы айтты, деп жазады Egemen.kz.

 

«Санақ өткізу кезіндегі басты мәселелердің бірі – азаматтардың жеке деректерінің қауіпсіздігі. Азаматтардан алынатын барлық ақпарат қорғалған байланыс арналары арқылы бюроның орталық серверіне беріледі. Мұнда барлық деректер криптографиялық қорғау құралдарымен қорғалған», деді Айдапкелов.

Сондай-ақ «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ sanaq.gov.kz порталына тәулік бойы мониторинг жүргізеді және хакерлік шабуылдардың алдын алу қамтамасыз етеді.

Ұлттық стастистика бюросының басшысы PlayMarket сервисінде Аndroid құрылғыларына арналған «Онлайн халық санағы-2021» қосымшасы пайда болғанын және оның ұлттық санаққа еш қатысы жоқ екенін айтып, азаматтарды сенбеуге шақырды. Бүгінгі таңда қосымша сервистен өшірілген.