Тайланд 1 қазаннан бастап вакцина салдырған туристерге есігін ашады, деп жазады Egemen.kz.
Вакцинацияланған туристер Таиланд астанасының тарихи көрікті жерлерімен таныса алады.
15 қазанда Бангкок саяхатшылар үшін ашылады. COVID-19 сертификаты бар қонақтарға 14 күндік карантиннен өту қажет емес. Бұл туралы Таиланд туризм және спорт министрі Пхипхат Ратчакитпракарн хабарлады.
Шенеунік 1 қазаннан бастап тағы төрт туристік аймақ толық иммундаудан өткен туристерді қабылдай бастайтынын айтты.
«Бангкок ашылуға дайын. Алайда, біз ашық айтуымыз керек, қазіргі уақытта Бангкокта халықтың вакцинациялану көрсеткіші 70%-ға жеткен жоқ», деді Ратчакитпракарн.
Сонымен қатар туризм министрі Бангкокта иммундау бағдарламасы айтарлықтай қарқынмен жүріп жатқанына назар аударды.