• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Қыркүйек, 2021

Орал тұрғындарынан ірі көлемде есірткі тәркіленді

200 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті қызметкерлері синтетикалық есірткінің ірі партиясын тәркіледі. Күдіктілер заңсыз заттарды орманда жасырған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полиция мәліметінше, мұқият дайындалған арнайы операция нәтижесінде күдіктілер құрықталған. Есірткі заттарын сатуды ұйымдастырғаны үшін 20 және 21 жастағы Орал тұрғындары ұсталған.

«Орманды, сондай-ақ күдіктілердің тұрғылықты жерін тінту кезінде бір келіден аса ұнтақ тәрізді препараттар мен 55 амфетамин таблеткалары және 500 граммға жуық шөп тектес препараттар тәркіленді. Шара нәтижесінде 4300 данадан аса синтетикалық есірткінің таралуына жол берілмеді», деді ол БҚО полиция департаментінің бастығы Махсудхан Әбілазимов.

Дерек бойынша қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталғандар мүлкін тәркілей отырып он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері өңірде есірткі бизнесіне қатысты 66 қылмыс анықталған, оның 23-і есірткі сатумен байланысты. Заңсыз айналымнан 50 келіден аса есірткі алынды, оның ішінде 1,3 келісі синтетикалық есірткі.