• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Үкімет 16 Қыркүйек, 2021

Еліміздегі бірыңғай операторлардың саны азаяды

192 рет
көрсетілді

Кәсіпкерлер арасында әділ бәсекелестік жүргізуге жол ашылады. Осыны мақсат еткен заң жобасы бүгін мәжілісте талқыланды, деп жазады Egemen.kz.

Құжат негізгі үш бағыттан тұрады. Біріншісі, негізгі қуаттарды қолжетімді ету. Бүгінге дейін инфрақұрылым мен ресурстарға қол жеткізе алмаған кәсіпкерлер тұтынушыға қажетті қызметті көрсете алмай келеді. Екінші бағыт бағаны реттеуге бағытталған. Үшіншісі іріктелген компанияларға қамқорлық көрсетуді азайтуды көздейді. Осының аясында елде бірыңғай операторлардың саны азаяды.

Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары мәлімдеді.

Оның айтуынша қазір елде 51 оператор бар. Оның 47-сі мемлекеттің қатысуымен құрылған. Жаңа заң бойынша олардың төртеуі жойылады. Бесеуі жылдың аяғына дейін оператор мәртебесінен айырылады. Заң жобасын әзірлеу кезінде екі жүз отыз ұсыныс қаралған. Нәтижесінде он заңға алпыс өзгеріс енгізілмек.