Қазақстанның Иорданиядағы Елшісі Айдарбек Тұматов Палестина Президенті Махмуд Аббасқа Қазақстан Республикасының Палестина Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы ретінде сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Рәсім онлайн-форматта өтті. Қазақстандық дипломат Палестина басшысына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ізгі тілектерін жеткізді.
Сондай-ақ А.Туматов өз сөзінде Қазақстан басшылығының екі ел арасындағы қатынастарды одан әрі жан-жақты нығайтуға бағытталған дәйекті бағытын растады.
Өз кезегінде Махумуд Аббас Елші А.Туматовтың жаңа қызметіне табыс тілеп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Достық сәлемін жеткізді. Босния және Герцеговина, Бруней-Даруссалам, Малайзия, Бангладеш және Ирак елшілері Палестина Президентіне сенім грамоталарын тапсырды.
Қазақстан Республикасы мен Палестина Мемлекеті арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылы орнатылды. Қазақстанның Палестинамен қарым-қатынасына Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшілігі жетекшілік етеді.