• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 16 Қыркүйек, 2021

Жақсы дайындықтың нәтижесі – 4 медаль

160 рет
көрсетілді

Ресей тарапының ұсынысымен 2018 жылғы қыркүйекте Душанбеде болған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Мемлекет басшыларының кезекті саммитінде Олимпиада жылдарында ТМД елдерінің 14 пен 23 жас аралығындағы спортшыларының  Ойындарын өткізу туралы шешім қабылдаған болатын. Жуырда спорттың 16 түрінен болған алғашқы осы ойындар Татарстан астанасы Қазан қаласында аяқталды.   

Ойын түрлерінің қатарына дзюдо, самбо, бокс, тай боксы, семсер­лесу, каратэ, гир спорты, армрес­тлинг, күрес және т.б. бол­ды. Оған Қазақстаннан басқа Әзер­байжан, Армения, Бела­русь, Қыр­ғызстан, Молдова және Ресейден 1,5 мыңдай спортшы қатысты.

Қазақстан құрамасын 200-ге жуық спортшы құраған еді. Соның ішін­де солтүстікқазақстандық 5 бокс­­шы болды. Қызылжарлық өрен­­­­дер намысты қолдан бермей Қа­зақ­­стан қоржынына 1 алтын, 3 кү­­­міс салды. Алтын жүлденің ие­­ге­рі, тай боксының шебері Шәміл Е­р­ма­ған­бетов алдымен ресейлік, со­сын бе­­ла­­рустық қарсыластарын қа­пы қал­­дырып, жеңіс тұғырына көтерілді.

«Солтүстікқазақстандық спорт­шылар халықаралық ойын­дарға Петропавлдағы және Щучье қала­сындағы спорттық аймақтар­да екі кезеңмен ұзақ дайындалған еді. Нәти­жесінде бес спортшының төр­теуі жақсы нәтижелер көрсетті. Егер финалда Шәмілден басқа спорт­­­шыларымыз да жақсы өнер көр­­­сеткенде қоржынымыз толым­ды­­рақ болар еді... Бірақ соның өзін­­де біз­дің үлесіміз жақсы деп са­най­мыз», дейді тай боксының жат­тық­­­ты­рушысы Иван Ван-Хон-Тун.

Шәмілдің өзі қарсыластарының осал болмағанын, екеуі де халық­аралық дәрежедегі спорт шебер­лері екенін айта келіп, қапысыз дайындықтың арқасында ғана оларды жеңе алғанын жеткізді.

Жалпыкомандалық есепте қазақстандықтар 18 алтын, 35 күміс және 53 қола медальмен үшінші орын алды.