• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 17 Қыркүйек, 2021

ІТ лицей-интернаты ашылды

202 рет
көрсетілді

Елімізде ІТ-мамандарының тапшы екендігі белгілі. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында ІТ-секторға қатысты нақты тапсырмалар берді. Өңірде Президент тапсырмасын жүзеге асыру үшін жүйелі жұмыс қолға алынуда. Таяуда Бурабай ауданында ІТ лицей-интернаты ашылды.

Қоғамдық өмірімізге соны серпін берген жаңа Жолдауында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «отандық ІТ-секторды дамытып, күшейте түсу де маңызды. Елімізге жас, білімді әрі ынталы мамандар керек. Цифрландыру жөніндегі ұлттық жобаның аясында кемінде 100 мың жоғары білікті ІТ-маман даярлау қажет» деген болатын. Бұл болашақты бағдарлаған, ел келешегінің көкжиегін кеңейтуге бағыттайтын келелі пікір.

Мектеп оқушыларының туын­дысы таңдай қақтырарлық екен. Қарапайым ғана басқару тетігі арқылы өнерлі оқушылар роботтарды еркін басқарады. Әншейінде сәл ебедейсіздеу болып көрінген роботтар әлдебір тетіктерді құрастырып жатыр. Айтқаныңды екі етпейтін қол­қанат тәрізді керек затыңды да лып еткізіп алып келеді. Бала қия­лын баураған ғажап бір әлем. Күні ертең осы оқушылардың за­ма­науи технологияларды бү­ге-ші­гесіне дейін меңгеріп, ба­ла­­лық қиялдағы әдемі арманмен ас­тас­­қан мұратына жетері күмән т­уғыз­б­айды. Жаңа білім ошағында робот техникамен қатар ІТ саласына да айрықша мән беріліп отыр.

– Оқу бағдарламасында өзін­дік ерекшеліктердің болатыны сөзсіз. Басымдық ІТ саласына аударылады. Робот техника, бағ­дарламалау, 3D модельдеу сияқ­­ты пәндер оқытылады. ІТ сала­сы айрықша қарқынмен дамып келе жатқан сала, – дейді ІТ ли­цей-интернатының дирек­торы Айбек Досымбеков, – біз­дің елде сала мамандары мол сұ­ра­нысқа ие. Алдағы уақытта осы ол­қы­лықтың орнын толтыру бағы­тында жұмыс істейтін боламыз.

Білім ошағының басшысы ел Президенті қойған талап үдесінен шы­ғуға ұмтылатындықтарын жет­кізді. Жаңалықтың жаршысы бо­лып отырған мектептің ірге­та­сы 2019 жылы қаланған екен. Үстіміздегі оқу жылынан бастап ІТ лицей-интернатына айналып отыр.

– Оқушылардың әлемдік деңгейдегі ІТ маманы болуы үшін бар мүмкіндікті жұмылдыруы­мыз қажет, – дейді қамқорлық кеңесі­нің мүшесі Әділхан Мусин, – алдағы уақытта ІТ қауымдас­тығымен бірлесе жұмыс істейміз.

Лицей-интернат 800 орынға лайықталған. Жаңа оқу жылында 500-ден астам оқушы білім алуда. Бір жақсысы, оқушылардың дені жергілікті жерден. Басқа аймақтардан келген оқушылар үшін жайлы жатақхана қарасты­рыл­­­ған. Бурабай баурайында бо­ла­шақтың іргетасы қаланып жатыр.

 

Ақмола облысы,

Бурабай ауданы