• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Қыркүйек, 2021

Алматының шығысында тағы да жер сілкінді

151 рет
көрсетілді

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 17 қыркүйек күні 04:07-де жер сілкінісін тіркеді.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шығысқа қарай 133 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Магнитудасы: 3,9. Тереңдігі: 15 км. Жер сілкінісінің 2-3 балдық дүмпуі Алматы облысы Саты ауылында сезілген», делінген кезекші оператордың хабарламасында.