Жапонияның оңтүстік-батыс Суваносэ аралында жанартау атқылады, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
Жапонияның ұлттық метеорологиялық басқармасының ақпараты бойынша, кратерден 1 км радиуста болған жанартау жыныстарының шығуы тіркелді.
Сейсмологтар аралда жанартаулық белсенділіктің жалғасуы ықтималдығы туралы ескертеді. Осыған байланысты ауданда бес балдық шкала бойынша қауіптіліктің үшінші деңгейі жарияланды. Бұл жанартауға 2 км-ден аз қашықтыққа жақындау мүмкін емес дегенді білдіреді.
Аралда зардап шеккендер мен қирандылар туралы хабар жоқ. Қазіргі уақытта онда 80-ге жуық адам тұрады, ал олардың ауылы жанартаудан 4 км қашықтықта орналасқан.
Суваносе - үлкен Кагосима қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 230 км жерде орналасқан шағын арал. Алдыңғы рет бұл мекенде жанартау атқылауы маусым айында болған.