• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 17 Қыркүйек, 2021

2024 жылға қарай АҚШ жойылуы мүмкін - Д.Трамп

910 рет
көрсетілді

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Newsmax эфиріндегі сұхбат кезінде үш жылдан кейін АҚШ жойылуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Huffington Post басылымына сілтеме жасап.

Ақ үйдің бұрынғы басшысы мәлім еткендей, АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден билігінің соңғы сегіз айында ел «бұрын-соңды болмағандай құлдырады».

2022 жылдың 8 қарашасында Америка Құрама Штаттарында Өкілдер палатасына сайлау өтеді. 2024 жылдың 5 қарашасында американдықтар жаңа президент сайлауы керек. Трамп Мемлекет басшысының орны үшін қайтадан жарысқа қатысатындығын нақтыламады, бірақ өз сөзінде «АҚШ-ты жақсы көретіндер бақытты болады» деп айтты.

Бұған дейін Politico газеті Трамптың 2024 жылғы сайлауға қатысқысы келетінін жазған болатын. Мұны оның айналасындағылар мен республикалық партияның жақтастары да растады. Сарапшылардың пікірінше, экс-президент осы мақсатпен медиа кеңістікке шығуын күшейтті. Ол әлі түпкілікті шешім қабылдамаса да, оның штабы қаражат жинауды бастап, Байденнің сынымен қоса, саяси үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе бастады.

Бостондағы Эмерсон колледжінің сауалнамасы қазіргі жағдайда, егер қайта сайлау өткізілсе, бұрынғы мемлекет басшысы бір пайыздық айырмашылықпен жеңе алатынын көрсетеді.

Трамп Байденнің жеңісін мойындаудан бас тартып, «ұрлық» туралы мәлімдеді.

Ол Байденді бірнеше рет сынға алып, 2020 жылғы президенттік сайлаудың нәтижелері жалған екенін атап өтті. Трамп қарсыласын «Солтүстік ағын-2» газ құбырының құрылысына кедергі жасамағаны үшін және Ауғанстаннан әскер шығарғаны үшін айыптады.

2020 жылы президенттік сайлаудың жеңімпазы, АҚШ-тың 46-шы президенті Джозеф Байден болды. Дональд Трамп дауыс беру нәтижелеріне қарсы тұруға тырысты. Жеңімпаз 7 қарашада анықталғанына қарамастан, дауыстарды санау 8 желтоқсанда аяқталды. 14 желтоқсанда сайлау алқасының 538 мүшесі көшбасшыны ресми түрде бекітті. АҚШ Демократиялық партиясының кандидаты үшін 306 сайлаушы, ал бұрынғы президент Трамп үшін 232 дауыс берді.

Ол мұны «тарихтағы ең үлкен жеңілістердің бірі» деп атап, Ақ үй басшысын отставкаға кетуге шақырды. 

Америка президенті Байден де Трампты жиі сынға алады. Қыркүйек айында сөз сөйлеу кезінде ол Трампты еске алып, тұрған жерінде шоқына бастаған.

«Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы мен сайлауда шынайы Дональд Трампқа қарсы күрестім», деді ол.