• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Әлем 17 Қыркүйек, 2021

«Давос» форумы қаңтар айында өтеді

160 рет
көрсетілді

Коронавирус эпидемиясы салдарынан 2021 жылы өткізілмеген Әлемдік экономикалық форум (WEF) 2022 жылдың 17-21 қаңтар күндерінде Давоста болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

17-21 қаңтар күндері Давоста «Бірге жұмыс істеу, сенімді қайтадан құру» тақырыбымен әлемнің беделді лидерлері бас қосады.

Жиналыста бизнес әлемі, үкімет пен үкіметтік емес ұйым өкілдері эпидемия салдарынан бұзылған жаһандық экономиканы талқылайды.

Давос форумы 1971 жылдан бері жыл сайын қаңтар айында Давоста өткізіліп келеді.