• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Қыркүйек, 2021

Алматыдағы метростансаға Бауыржан Момышұлының есімі берілуі мүмкін

261 рет
көрсетілді

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Қала күні қарсаңында мәслихатқа қоғамда талқыланып жатқан мәселелерді шешуді ұсындым. Бұл Алматы метрополитенінде салынып жатқан екі стансаның атауын өзгертуге қатысты.

«Достық» стансасына Бауыржан Момышұлының есімін беру ұсынылады. Болашақта «Западный» автовокзалы аталуы тиіс стансаға «Қарасай» атауы ұсынылмақ», деп жазды қала әкімі өзінің Facebook парақшасында.