Алматы қалалық мәслихаты қала әкімдігінің ұсынысы бойынша сирек кездесетін ауруларды емдеуге арналған дәрілік заттар тізбесін кеңейтуді бекітті, деп жазады Egemen.kz.
Қалалық мәслихаттың мәлімдеуінше, медициналық препараттар көлемі ұлғайды.
1,3 млрд теңге мөлшерінде бөлінген қосымша қаражат жұлын бұлшықетінің атрофиясын, I санаттағы қант диабетін, симптоматикалық эпилепсия мен басқа да ауруларды емдеуге бағытталатын болады.