• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Елорда 19 Қыркүйек, 2021

Елордада жыл соңына дейін 500 мыңға жуық ағаш отырғызылады

394 рет
көрсетілді

Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Елордамызды  көгалдандыру жүріп жатыр. Қалада сенбіліктер мен дәстүрлі күзгі ағаш отырғызу кезеңі басталды. Осы күзде 500 мыңға жуық ағаш пен жасыл желек, оның ішінде елорданың жасыл белдеуінде де отырғызуды жоспарлап отырмыз.

Мемлекет басшысы көгалдандыруға ерекше көңіл бөледі, өйткені бұл ел мен қалаларды дамытудың ажырамас бөлігі. Осы жылдың өзінде елордада отырғызылған ағаштар мен жасыл желектердің жалпы саны 1 млн-нан асады.

Бүгін Бүкіләлемдік «World Cleanup day 2021» тазалық күні және «Birge – taza Qazaqstan» республикалық экоинициативасы аясында өткізілетін жалпықалалық сенбілікке қатыстым. Жұмыс елорданың барлық аудандарында, соның ішінде елді мекендерде жүргізілді: бүгінде шамамен 3 мың ағаш отырғызылды – емен, қайың, шырша, қарағай, жөке және т.б. Жалпы ауданы 3 млн шаршы метрге жуық саябақтар мен гүлзарлар тазартылды. Тек коммуналдық сенбілік күні 450 тоннадан астам қоқыс шығарылды.

Мысалы, бірнеше жерге бардым: Есіл өзенінің бойындағы саябақты абаттандыруды және жаппай көгалдандыруды жалғастырамыз, сондай-ақ әкімдік аумағына ағаштар отырғызамыз. Соның ішінде Агроқалашық елді мекеніне барып, тұрғындармен кездестім. Олардың өтініші бойынша жаттығу орындары бар алаңдар, демалуға арналған орындар, үлкен футбол алаңы және т.б. ашылды. Бұл Агроқалашықтағы алғашқы қоғамдық кеңістік. Екі жылдың ішінде қалада 400 аула мен қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) салынды. 

Тұрғындарға, волонтерлерге, әріптестеріме және қатысқандардың бәріне алғыс айтамын. Бірлескен күш-жігеріміз арқылы қаламызды бұдан да жасыл етейік!», деп жазды елорда әкімі.