• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 20 Қыркүйек, 2021

Елена Рыбакина WTA рейтингісіндегі жеке рекордын жаңартты

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) рейтингінің жеке және жұптық разрядтағы жаңартылған нұсқасы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Ең мықтылар үштігі өзгеріссіз қалды: австралиялық Эшли Барти көш бастап, оның артында белоруссиялық Арина Соболенко мен чех спортшысы Каролина Плишкова тұр.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 17-ші орыннан 16-шы орынға көтеріліп, жеке рекордын жаңартты.

Юлия Путинцева бес жолдан айырылып, 49-шы атанды. Ал Зарина Дияс жеті белгіге түсіп, 112-ші орында тұрақтады.

Жұптық разрядтың көшбасшысы Бельгиядан келген Элиза Мертенс болды, одан кейін Чехия өкілі Барбора Крейчикова мен Катерина Синякова. Анна Данилина 88-ден 86-ға көтерілсе, Рыбакина 96-шы, Дияс 181-ші болды.

Соңғы жаңалықтар