Қостанайда жеке үйде болған жарылыстан зардап шеккен екі адам ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.
«Өкінішке қарай, Бородин көшесіндегі жарылыстан зардап шеккендердің екеуі де күйік ауруынан қайтыс болды (күйік ауруы - күйік шалу нәтижесінде органдар мен жүйелер белсенділігінің бұзылуы)», делінген хабарламада.
Департамент зардап шеккендердің денесінде 90 және 60 пайыз күйік жарақаттары болғанын түсіндірді.