• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 20 Қыркүйек, 2021

Ресейде 21 қыркүйек аза тұту күні болып жарияланды

225 рет
көрсетілді

Студенттер арасында атыс болған Пермь аумағында 21 қыркүйек күні қаза болғандарды аза тұту күні деп жарияланды, деп жазады Egemen.kz.

Бұл туралы РИА новости хабарлады.

«Ертең Пермь өлкесінде аза тұту күні жарияланады», деді аудан губернаторы Дмитрий Махонин.

Айта кетейік, бұған дейін Ресейдің Пермь мемлекеттік университетінде белгісіз біреу травматикалық қарудан оқ атқанын хабарлаған болатынбыз. Сонымен қатар жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, қаза тапқандар саны 8 адамға жеткен.

Қазіргі таңда атыс фактісі бойынша екі және одан көп адамды өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды.