• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Оқиға 20 Қыркүйек, 2021

Атырауда екі қабатты үй өртеніп кетті

142 рет
көрсетілді

Атырау қаласында екі қабатты үй өртеніп кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, диспетчерлік пультке бүгін сағат 13:34-те Атырау қаласының Жұмыскер шағынауданындағы 380 мекен-жайында орналасқан тұрғын үйден түтін шығып жатқаны туралы хабар түскен.

«Департаменттің өрт сөндірушілері сағат 13:43-те шақырту орнына жетіп, мансардты тұрғын үй жанып жатқанын анықтады. Өртті сөндіруге арнайы қызметтің 15 қызметкері мен 3 техникасы жұмылдырылды. Жалын сағат 13:59-да оқшауланып, сағат 14:17-де толық сөндірілді. Өртенген аумақ 180 шаршы метрді құрады», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Өрттен зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазір жалынның неден тұтанғаны анықталып жатыр.