Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық сақтау министрі А.Цой елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанын, соңғы 2 аптада сырқаттанушылық пен өлім-жітім деңгейі 60%-ке төмендегенін айтты.
Осыған байланысты ВАК 27 қыркүйектен бастап «Ashyq» бойынша «қауіпсіз» мәртебесі бар қызметкерлер мен келушілердің қатысуымен бірнеше шара өткізуге рұқсат берді.
Сондай-ақ Е.Тоғжанов вакцинацияға қолжетімділікті арттыру мақсатында әкімдіктерге әуежайларда, теміржол вокзалдарында, ірі базарлар мен сауда орындарында талаптарға сәйкес келетін пункттер ұйымдастыруды тапсырды.
ВАК отырысының қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары бірқатар басқа тапсырмалар берді.