Иә, тақырыпқа шығарып отырғанымыздай, Орал өңірінде XІ облыстық Достық фестивалі басталды. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясының 15 жылдығы құрметіне арналып отыр. “Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек” дегендей, биылғы фестивальдің басты ерекшелігі – кең ауқымдылығында. Қатардағы еңбек ұжымдарынан бастау алған фестиваль бағдарламасы жыл аяғына дейін созылмақ. Ол өз аясына бес мыңнан астам адамды қамтиды.
Фестивальдің алғашқы күндері Ақжайықтағы этномәдени бірлестік өкілдері мен мәдени-ағарту орталықтар мазмұнға бай тартымды да тағылымды көрмелерді жұртшылық назарына ұсынды.
Темір ҚҰСАЙЫН.
ОРАЛ.