• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Қыркүйек, 2021

Оқушыларға вакцина бүрку арқылы салынатыны рас па?

350 рет
көрсетілді

Желіде қазақстандық мектептерде «вакцина» шашады деген ақпарат таралуда. Автордың айтуынша, осыдан кейін бүкіл елде балалар ауырып, жаппай өлім дерегі көбейеді екен, деп хабарлайды Egemen.kz.

What‘sApp мессенджерінде балаларға арналған жұқпалы аурулар бөлімшелерінде төсек-орын дайын екені туралы аудио-хабарлама тарап жатыр. Автордың айтуынша, мектептерде «вакцина шашылғаннан» кейін, балалар жататын төсек-орын қажет болады. Балалар жаппай ауырып, өле бастайтыны айтылады.

Бұл ақпаратты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды.

«Балаларға арналған қосымша инфекциялық төсек-орын дайындау туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бүгінде керісінше, сырқаттанушылық төмендеуіне байланысты жұқпалы аурулар стационарлары жабылып жатыр. Сондай-ақ бөлмеде бүрку арқылы қолданылатын вакцина жоқ», деді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде қазақстандық оқушылар мен студенттер 20 қыркүйектен кейін онлайн білім алуға көшетіні туралы жалған ақпарат тарағаны хабарланған болатын.