• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
04 Ақпан, 2014

ХХІІ Қысқы Олимпиаданың басталуына 3 күн қалды

241 рет
көрсетілді

Дүние додасының дүбірі

– Әбіл Бекетұлы, шайбалы хоккейден қыздар және ерлер командасы жолдамасыз қалды. Біз Сочиден қандай нәтиже күтеміз? – Алдын ала пәлен медаль аламыз, командалық есепте жақсы нәтиже күтеміз деу әбестік болар. Өйткені, спортта күтпеген оқиғалар болып жатады. Кейде қолда тұрған медальдың сырғып кеткенін аңғармай қаласыз. Шы­ғыс Қазақстан облысы бойынша Сочидегі ХХІІ Қысқы Олим­пиа­даға кандидат ретінде 29 спортшы іріктеліп алынған. Өңір басшысы, спортқа ерекше жағдай жасайтын Бердібек Сапарбаев оларға барынша көмек көрсету жөнінде тапсырма берген. Атап айт­сақ, олардың барлығына об­лыс әкімі 50 мыңнан 300 мың теңгеге дейін стипендия тағай­ын­дады. Алтын медальдан үміт­кер шаңғышы Алексей Полтора­ниннің көмекшілері бар, оған 2 «Буран», екі қарда жүретін шана сатып әпердік. Мұның алдында Қазақстан құрамасы Болгарияда оқу-жаттығу жиынын өткізді. Шығыстан баратын спортшылар шаңғы роллерінен Қазақстанның Шортандыда өткен жазғы чемпионатында бақ сынады. Алексей бабында екен, бұл жарыста топ жарды. Риддерлік Сергей Черепанов та жақсы жүгірді. – Сочиде біз Алексей Пол­то­ра­ниннен үміт күтеміз. Өт­кен жылғы Әлем кубогы бә­се­кесінде жерлесіміз он рет, оның ішінде үш рет алтын, күміс, қола медальдарды иеленді. Іле-шала әлем чемпионатында қа­тарынан екі рет қоланы уы­сында ұстады. Амал бар ма, қолда тұрған алтыннан айы­ры­лып қалғанына да куә бол­дық. Сонау 1994 жылғы Смир­новтың алтынынан бері 19 жыл өтіпті... – Енді алғашқы сауалға ора­лайық. Бүгінгі күні 24 жолдама қолда бар. Шаңғышы Геннадий Матвиенко бірер күнде жол­дамаға ие болады деген ойда­мыз. Фрис­тайлдан Павел Колмаков та Сочиге баратын болды. Тау шаңғысынан Игорь Закурдаев пен сноубордшы Валерия Цой да Олимпиадаға әзірленіп жатыр. «Арық айтып, семіз шыққанға» не жетсін! Олимпиаданың алтыны арманымыз. Жасыратыны жоқ, біз алтынды Полтораниннен күте­міз. Бірақ кейде алтын құстың қо­лымызға келіп түсе­ті­нін ұмыт­паған жөн. Өткен жылы мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен әлем чем­пионатының күмісін олжалады. Негізінде, Тен алтын алуға тиіс болатын. Төрешілер бұра тартып алтынды басқаға жұлып әперді. Фрис­тайлдан халықаралық дәре­жедегі Юлия Галышева, Дмитрий Рейхард, Дмитрий Бармашов, Дарья Рыбалова, тағы басқалар намысты қолдан бермес деген ойдамыз. Кім біледі, аты аталған фристайлшылардың бірі медальға ие болып жатса, асығымыз алшысынан туар еді. Қазір олардың барлығы Өске­менде жаттығып жатыр. Бірер күннен кейін сапарға шыға­рып саламыз. Облыс әкімі Бер­дібек Мәшбекұлы жақында спорт­шыларға сәттілік тілеп, батасын беріп, Юлия мен Алексейден медаль күтетінін айтты. Дмитрий Рейхардтың да медаль алуға мүмкіндігі бар. Сноубордтан тұңғыш рет Олимпия ойындарына қатысу мүмкіндігі туып отыр. Валерия Цойды әкесі жат­тық­тырады. Өткен жылы Валерия халықаралық жарыстарда тамаша нәтиже көрсетті. Үржар ауданының түлегі, шаңғышы Ер­дос Ахмадиевтің Олимпиадада Қазақ елінің Көк туын ұстап шы­ғатыны біз үшін абырой. Биат­­лоншы Ян Савицкий, Алек­сандр Трифонов, Сергей Нау­мик, Ольга Полторанина, тау шаң­ғы­сы­­нан Игорь Закурдаев, Ирина Мо­лостова, шаңғыдан Еле­на Ко­ло­мина, Оксана Яцкая, Анас­та­сия Сло­но­ва, тағы басқалар ел намы­­сын қолдан бермес деген ойдамыз. Әңгімелескен Оңдасын ЕЛУБАЙ, «Егемен Қазақстан».  ӨСКЕМЕН.
Соңғы жаңалықтар