• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Қыркүйек, 2021

Қазақстанда дрон иелеріне жаңа талаптар қойылады

398 рет
көрсетілді

Қазақстанда дрон аппараттарының иелеріне жаңа талаптар енгізу жоспарлануда. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Берік Қамалиев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Азаматтық авиация саласында заңнамаға ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану процесін реттеу жөніндегі норманы енгізу, атап айтқанда сертификаттау рәсімін енгізу, қашықтықтан сәйкестендіруге қойылатын талаптарды белгілеу және оларды пайдалану аймақтарын айқындау іспеттес өзгерістер ұсынылады. Сондай-ақ, «ұшқышсыз авиациялық жүйе» және «ұшқышсыз әуе кемесі» ұғымдары енгізілуде», деді Қамалиев Мәжілісте көлік мәселелері жөніндегі жаңа заң жобасының таныстырылымында.

Қамалиев жеке тұлғаларда дрондарды реттеу туралы мәселе ҰҚК, Мемлекеттік күзет қызметі және ІІМ өкілдерімен бірге бірнеше рет талқыланғанын түсіндірді.

«Біздің азаматтарымыз ғана емес, еліміздің қалалары аумағында шетелдік тұлғалар дрондарды пайдаланып, түсіруге тыйым салынған стратегиялық нысандарды түсірген жағдайлар болды. Сондықтан жаңа заң жобасында жеке тұлғаларға да талаптар қойылады», деді Берік Қамалиев.