• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Қыркүйек, 2021

Көтермеақы көлемі өсті

194 рет
көрсетілді

Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс отырысында денсаулық сақтау саласын жас мамандармен толықтыру мәселесі қаралды. Аймақта медицина қызметкерлері жетіспейді. Облыстық мәслихат депутаттары бұл мәселенің оңтайлы шешілуі үшін биыл өңірге келетін жас мамандарға берілетін көтермеақы мөлшерін көбейту туралы шешім қабылдады.

Бүгінде Қостанай облысында 14 857 медицина қызметкері еңбек етуде. Алайда 308 дәрігердің орны бос тұр, оның 97-сі ауылдық мекендерде. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рүстем Айтбаевтың айтуынша, аймақта, әсіресе, соңғы жылдары осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында пәрменді жұмыс жүріп жатыр.

– Өзге өңірлерден тәжірибесі мол, білікті дәрігерлер тартылуда. Жас ма­мандардың қатары да жыл сайын түлек­термен толықтырылып отыр. Мұның сыртында, 2018 жылдан бері еліміздің медициналық университеттерінде 100 студент оқып жатыр. Олар шәкіртақыны облыс бюджетінен алады, есесіне әр студентпен оқуын тәмамдаған соң, осы өңірде 5 жыл жұмыс істеу туралы ке­лісімшарт жасалған. Бүгінгідей күрделі жағдайдағы кадр тапшылығын ескере отырып, біз алдағы уақытта өңірге келетін мамандарға берілетін көтермеақы көлемін қалалық жерге келетін дәрігерлерге 1,5 млн теңгеге, ауылға баратын мамандарға 2 млн теңгеге дейін көбейтуді сұраймыз, – деді Р.Айтбаев.

Облыстық мәслихат депутаттары бас­қарма басшысының өтінішін бірауыздан қолдады. Бұған дейін дәрігерлер қалалық мекенге келсе – 1 млн теңге, ауылға барса 2 млн теңге көтермеақы алып келген.

 

Қостанай облысы