Мәскеуде Еуразия экономикалық комиссиясы кеңесінің (ЕЭК) кезекті отырысы болып өтті. Қазақстандық тарапты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев басқарды.
Еуразия экономикалық комиссиясы кеңесінің мүшелері интеграцияны одан әрі дамыту жөніндегі ережесін ескере отырып, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың жобасы бойынша жұмыс барысын талқылады.
Сонымен қатар, жеңіл өнеркәсіп, бәсекелестік пен монополияға қарсы реттеу саласына, Кеден одағына мүше-мемлекеттердің және ЕЭК агроөнеркәсіп саясаты және т.б. қатысты мәселелер талқыланды. ЕЭК кеңесі Құпия ақпаратты сақтау тәртібі және Еуразиялық экономикалық комиссиясы бәсекелестіктің бірыңғай ережелерін сақтауды бақылау бойынша уәкілеттігін жүзеге асыру кезінде сол ақпаратты жариялауда жауапкершілігі туралы келісім жобасын қарастырды, сонымен қатар, айнымалы тоқтың жекелеген түрлі қозғалтқыштарына қатысты Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифін және кедендік баж ставкасын қалыптастыру қарастырылды.
Б.Сағынтаев Еуразия экономикалық комиссиясы жұмысындағы басымдық интеграциялық бірлестікте мүше-мемлекеттердің мүдделерінің жетістігі болып табылатынын атап көрсетті. «Біздің мемлекеттеріміздің бірлескен жұмысы экономикамыздың жедел дамуына, жаңа өндірістер мен салаларды құруға, тиісінше тауарлар мен қызметтердің түрлерін көбейтуге, жалпы экономикалық кеңістік ішінде олардың жылжуын жеңілдетуге, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді», деп қорытындылады Б.Сағынтаев.
«Егемен-ақпарат».